Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әкіммен жолыға алмаған". Маңғыстау тұрғыны облыс әкімдігінің алдында өзін-өзі жағып жіберді

19:05, 05 желтоқсан 2024 1521

Маңғыстау облысының тұрғыны облыс әкімдігінің алдында өзін-өзі жағып жіберді. Ол өңір басшысының жеке қабылдауына кіргізуді сұрағаны белгілі болды, - деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының бұл жайлы хабарлады. Басқарма берген ақпаратқа сәйкес, 5 желтоқсанда облыс әкімдігінің ғимаратына бір тұрғын келіп, әкімге жолықтыруын сұраған.

Әкімдік қызметкерлері тұрғынды қабылдаудың реті келмейтінін айтып, бекітілген графикке сәйкес жазылып келуін өтінген. 

Белгілі болғандай, өзін-өзі өртеп жіберген тұрғынды бұған дейін Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдаған. Хабарламада бұған қатысты:

"Оған қанағаттанбаған азамат үстіне жанғыш қоспаны құйып, өзін өртеп жіберді. Полиция мен әкімдік қызметкерлерінің күшімен өрт жедел сөндірілді. Жедел - жәрдем шақырылып, ол келгенше зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар