Ulysmedia.kz порталының хабарлауынша, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Үмбетов «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің локомотив шаруашылығы жөніндегі бас директордың орынбасары қызметін атқарып келеді. Дәл осы қызметте ол бүкіл елге танымал болды.
Биыл шілде айының соңында әлеуметтік желілерде теміржолшылардың жұмыс жиналысынан видео тараған. Кадрда Үмбетов сөздерін еш бүкпесіз айтып, бағыныштыларын қатты сынға алған. Тіпті ашуға булыққан ол қол астындағыларды ашық балағаттаған. Бұл жағдайға компанияның өзі пікір білдіріп, ҚТЖ басшысы бейнежазба кейіпкерін қорғап шықты.