Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

 "Әділет вице-министрінің қазақ тілінде сөйлемеуі әділетсіз" - Қазыбек ИСА

11:23, 21 мамыр 2026

Депутат Қазыбек Иса Мәжілісте осындай өткір сөз айтты. Ол мәжіліс отырысында Әділет вице-министрі Ботакөз Шаймарданқызына ескерту жасады, деп жазады Alash.KZ 

Депутат оған: "

Мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін білесіз. Осында қаншама депутат мемлекеттік тілде сұрақ қойды. Бірақ сіз қазақ тілінде жауап бермедіңіз. Әділет министрлігінің өкілі қазақша сөйлемеуі әділетсіз" деп ескерту жасады. 

Оған қоса, депутат министрліктен келесі жолы мемлекеттік тілде сөйлей алатын адам жіберуін, болмаса өзі қазақша үйреніп келуін талап етті. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар