Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қылмыс құралы анықталған жоқ»: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты тың дерек мәлім болды (ВИДЕО)

16:39, 20 мамыр 2026

Атырау облысындағы қанды қылмыстық іске қатысты жаңа деректер шықты, деп жазады Alash.kz.

Атырау облыстық Прокуротурасы қылмыс құралы мен сараптамаларға қатысты мәлімдеме жасады:

Қылмыстық іске Сұлтан Сәрсемәлиевтен басқа қылмысқа қатысты тұлғалар анықталған жоқ. Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс өндірістік тоқтатылды. Яғни, қылмысты жасыру фактісі бойынша қылмыстық іст бөлектеніп, қазіргі таңда бөлек қылмыстық іс тексерілуде. Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулық жағдайына байланысты тағайындалған сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы алынған жоқ. Қорытынды алынғаннан кейін қылмыстық іс бойынша түпкілікті баға берілетін болады. Сәрсемәлиевтің қылмыс құралы ретінде пайдаланған пышақ сияқты қаруы анықталған жоқ. Тергеу барысында нақты осы пышақ деп танылған жоқ. Яғни, қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдемелер бар. Бірақ, оның барлығына сотпен зерделеніп, құқықтық баға беріледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар