Атыраудағы қанды қылмыстың қалай басталғаны туралы сот залындағы оқылған айыптау актісі тарады, деп жазады Alash.kz.
Айыптау актісіне сәйкес, Сұлтан Сәрсемәлиев осыдан 6-8 ай бұрын қайын ағасы Наурыз Мұқанғалиевті өлтірген. Артынша қараша айында ата-енесі мен қайын әпкесіне қаскөйлік жасаған. Мәйіттерді жасырып, айғақтарды жойған соң бұрынғы келіншегін ертіп, Өзбекстан арқылы Индонезияға қашқан. Қашу барысында өзі өлтірген марқұмдардың банк карталары мен құжаттарын және қалта телефондарын ала кеткен. Мемлекеттік айыптаушы оқыған айыптау актісінде қылмыстың мән-жайы мен сараптама нәтижелері таныстырылды:
«Қылмыстық құқық бұзушылық кезінде қолданылған асхана пышағы мен кілемді қарама-қарсы бағытта орналасқан қоқыс орнына апарып, оларды өртеп, қылмыс ісін толықтай жасырған. Нәтижесінде, Мұқанғалиев Наурызға 53 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Мұқанғалиевке қатысты тағайындалған сот медициналық сараптамасы қорытындысына сәйкес Мұқанғалиев Наурыз Мақсотұлының өлімі сараптама жүргізілген сәтте 6-8 ай бұрын болған. Мәйіттің шіру өзгерісінің айқындалуына жұмсақ тіндерінің, қан тамырларының, жүйке жүйедерінің және бас мойын, кеуде қуысының мүшелерінің ақауларына байланысты өлімнің нақты себебін анықтау мүмкін емес. Мәйітте келесідей дене жарақаттары бар. Кеуде қуысының алдыңғы бетінде, кеуде қуысының сол жақ бүйір бетінде, оң жақ бүйір бетінде орналасқан жүректің, сол жақ өкпенің зақымдануы мен диагфрагма өңезінің тесілуі мен асқазан, қабырғасының заөымдануымен оң жақтан екінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы қабырғалардың және сол жақтағы жетінші қабырғалардың сынуымен, сондай-ақ сыртқы және ішкі өан кетуімен қатар , жүрген өмір кезіндегі еніп кеткен тесіп-кесілген жарақаттар. Ол жарақаттар өлім алдында аз уақыт бұрын өткір тесіп-кесу қасиеьі бар заттардың әсерінен салынған».