Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Балаларын тұншықтырып, үтікпен күйдірген»: Шымкентте сұмдық қылмысқа қатысты үкім шықты

21:11, 19 мамыр 2026

Шымкент қаласының соты екі бірдей кәмелетке толмаған баласын жүйелі түрде қинап, денсаулықтарына зиян келтірген жергілікті тұрғынға қатысты ресми үкім шығарды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Ол өзінің 8 жасар ұлы мен 10 жасар қызын тәрбиелеу мақсатында мұздай суға секіруге мәжбүрлеп, тұншықтырып, тіпті қыздырылған шанышқы және үтікпен денелерін күйдіріп келген. Сот алқасы әйелдің бұл әрекеттерін ерекше қатігездік ретінде танып, оны 5 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және ата-аналық құқығын шектеу туралы шешім қабылдады.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы өз балаларына жасаған сорақылықтарын олардың тәртіп бұзғанымен байланыстырып ақтағысы келген. Мәселен, ұлының темекі шеккенін көрген соң оны аяусыз соққыға жығып, аузын ыстық шанышқымен басқан. Одан бөлек, балаларын «ақша ұрлады» деп айыптап, қыздырылған тұрмыстық үтікпен ұлының бетін, ал қызының ішін күйдіріп, кейін екеуінің де шашын тақырлап алып тастағаны дәлелденді. Балалар ұзақ уақыт бойы әрі физикалық, әрі ауыр психикалық қысымда өмір сүрген.

Сот отырысының қорытындысы бойынша, айыпталушы кәмелетке толмағандарды қинау, сондай-ақ зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы адам айтсыз зардап келтіру баптары бойынша толықтай кінәлі деп танылды. Мекеме басшылығы мен тиісті органдар зардап шеккен балаларды қауіпсіз ортаға көшіріп, олардың заңды құқықтарын қорғауды бақылауға алды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар