Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек жас ғалымдар Сұлтанхан Аққұлы мен Елдос Тоқтарбайға ескерту жасады (Видео)

15:33, 24 ақпан 2025 440

Белгілі әдебиет сыншысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында Алаш арыстарын зерттеп жүрген жас ғалымдарға көңілі толмайтынын айтты, деп жазады Alash.KZ.

"Әсіресе, кейін шыққан балалар әсіре алашордашыл болып жүр. Ең болмаса, олардың өзін оқып, түсіну жоқ. Олар жайында жазылған әдебиеттерді оқып, бұлар қайда, мен қайда жүрмін, мен мынаған кіре аламын ба, жоқ па деп ойлануы керек қой" дейді, қаламгер. 

Құлбек Ергөбектің айтуынша, сыншы Сәбит Мұхановты сексенінші жылдардан бастап сынай бастаған. "Құбылып соққан замана желі-ай" деген көлемді мақала жазып, "Жалын" журналында жариялаған. 

"Бүгінде менің сол мақалаларым "чепуха" боп қалды. Енді айқайлап жүрген балалар Алаш ұсталғанда қызыл туды желбіретіпті Сәбит Мұқанов...

Сәкен, Ілияс, Бейімбет ұсталғанда Медеу жаққа барып бәрі арақ ішіпті" деп айқайлап жүр ғой, анау Сұлтанхан Елдос деген інілерім мен балаларым. 

Соларға айтар едім, бұған дейін жарияланған Сәбит Мұқановты мақтаған шығармаларды оқымай-ақ қойыңдар. Ең болмаса, Сәбит Мұқановты, Әбділда Тәжібаевты сынаған қазақ ғалымдары бар ғой, мен солардың біреуі ғанамын. Біздің еңбегімізді оқып шығып "Сәбит Мұқановты біз енді сынап жатсақ, мыналар баяғыда сынапты ғой. Сынағанда бұлар біз сияқты айқайлап сынамайды екен, жазғандарын архивтен көріп, былай сынайды екен" деп мәдени ой ұшқырлығына бармайды", - деп ренішін білдіреді қаламгер. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар