Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"50%-ын береді": Трамп дегеніне жетті, Зеленский айтқанына көнді

11:58, 27 ақпан 2025 1612

Сонымен, Зеленский Украинаның минералды ресурстардан түсетін кірістің 50%-ын АҚШ-қа беретін болды, деп жазады alash.kz.

Украина президенті пайдалы қазбалар туралы келісімнің жаңа нұсқасына қол қою үшін Вашингтонға аттанбақ.

Шарт негізінде инвестициялық қор құрылып, оған Украина мұнай мен газ, мемлекеттік минералды ресурстар бойынша болашақта түсетін кірістің 50%-ын аударады. 

Бұл келісім АҚШ пен Украина арасындағы келіссөздің және Вашингтон дипломатиясының негізіне айналып отыр. Ресейдің Украинаға қарсы соғысы төртінші жылға ұласқан тұста бұл дипломатия Мәскеу мен Еуроодақты және өзге де тараптарды қамтып отыр.

25 ақпан күні келісімнің қос тараптан пысықталғаны, Украина президенті Владимир Зеленский осы апта аяғында Вашингтонға сапарлап, оған қол қоятыны айтыла бастады.

Әзірге АҚШ қауіпсіздік кепілдігін мойнына алған-алмағаны немесе Украинаға әскери көмек көрсетуді жалғастырар-жалғастырмасы белгісіз деді Reuters агенттігі. Бірақ Associated Press агенттігінің Украина үкіметіндегі дереккөзі келісім жөнінде пікір білдіріп, Киев бұл құжат АҚШ әскери көмегінің жалғасуын қамтамасыз етеді деп үміттеніп отыр деді.

Келісімнің пысықталғанын АҚШ ресми түрде растаған жоқ. Бірақ ел президенті Дональд Трамп өз сөзінде Зеленский Вашингтонға келіп, келісімге қол қойғысы келеді деп мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар