Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

46 жылдан кейін еленді: Нұрлан Өнербаев орденмен марапатталды

10:03, 04 қараша 2024 504

Қазақстандық белгілі әнші Нұрлан Өнербаев зейнет жасына он күн қалғанда күтпеген марапатқа ие болғанын айтты, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. Әнші өнер саласына келгеніне 46 жыл толғанда бұл марапатқа ие болғанын мәлімдеді.  

"Шынымды айтсам, күтпеген жағдай болды. Дәл осындай марапат болады деп күткен жоқпын. Лайық деп тапқан екен. 10 күннен кейін 63 жасқа толамын, зейнетке шығамын. Өнерде жүргеніме 46 жыл болды", - деді әнші "Таңшолпан" бағдарламасына сұхбат беріп. 

Өнер иесі марапат болатынын хабарлағанда нақты қандай сый күтіп тұрғанынан хабарсыз болыпты. 

"Өнердің табалдырығын алғаш 1978 жылы аттадым. Содан бері ел алдына шығып, орындап жүрген әндерім тыңдармандардың жүрегіне жетіп, көңілінің төрінен орын алған әндер деп айтсам қателеспейтін шығармын. Бұл марапат та, ел алдында осылай еркелеп жүруіміз де халықтың ыстық ықыласы, қошеметі, махаббаты", - деген әнші тыңдармандарына алғыс айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар