Алматы көшелерінің бірінде бейтаныс ер адам қыз балаға харассмент көрсетіп, қисынға келмейтін белден төмен ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Alash.kz.
EGov.press Instagram парақшасында жазылғандай, мәселенің басы ер адамның бөгде қызға “аппетитті ашады екенсің” сөзінен басталған. Артынша қыз балаға 300 мың теңге ұсынған.
Өзіне психологиялық қысым танытып жатқанын байқаған қыз қарсы алдында тұрған ер адамды бейнеге таспалап алған. Кадрда ер адамның “300 мың теңге төлесем бола ма?” деп жатқан дауысы анық естіледі.