Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

15 жастағы қыз 71 жастағы көршісінен бала туған: Шулы іске қатысты тың дерек айтылды

10:12, 22 қазан 2025 178

Түркістан облысында 15 жастағы қыздың 71 жастағы көршісінен бала босанғаны туралы оқиға ел назарын аударды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, күдікті –ауыл тұрғыны, жасы жетпістен асқан ер адам, деп жазады Alash.kz.

Қазір ауыл тұрғындары оның отбасынан ауылдан кетуді талап етіп отыр, ал күдіктінің өзі қамауға алынған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалған.

"Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", –деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД өкілі.

Осы іске байланысты Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да түсініктеме берді. Оның айтуынша, оқиғаға қатысты тергеуді Ішкі істер министрлігі мен облыстық прокуратура бақылауға алған.

"Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызға қарсы жасалған қылмыс дерегі бойынша ІІМ және облыстық прокуратурамен жұмыс істеп жатырмыз. Қыз Астанада босанғанда аурухана бұл туралы қалалық полицияға хабарлаған. Астана Полиция департаменті бұл деректі тіркеп, аумақтық бағынысына сәйкес Түркістан облысына жолдаған", – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар