Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметкер қаза тапқаннан кейін күдікке ілініп, қамауға алынған Қазақстан Әскери-теңіз күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы Данияр Хайрушевтің ата-анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, деп жазады Alash.KZ.
Олар Мемлекет басшысынан істің мән-жайын толық анықтап, тергеуді жан-жақты, объективті әрі әділ жүргізуді сұрады.
Сонымен қатар, Хайрушевтің ата-анасы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған сарбаздардың отбасыларына көңіл айтып, олардың қайғысына ортақ екенін білдірді.
Олардың айтуынша, қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің жақындарының қасіретін түсінеді және марқұмдардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.