Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қолдау қайда? Қорғау қайда? Жауап беріңдер!»: Белгілі спорт журналисі өткір мәлімдеме жасады

14:31, 28 қыркүйек 2026

Танымал спорт журналисі Аслан Қаженов Азия ойындарында алтын медалінен айырылған қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның төңірегіндегі шуға байланысты шұғыл пікір білдіріп, спорт шенеуніктерінің жауапсыздығын қатаң айыптады, деп хабарлайды Alash.kz.

Журналистің айтуынша, спортшының нәтижесі тек аяқ киімге қатысты талаптардың сақталмауынан жойылған, бұл — кешірілмейтін салғырттық.

«Жауаптылар неге үнсіз?! Ясмина Тоқсанбаева алтынынан айырылды. Болмайтын қателіктен. Жарыс алаңына киетін аяқ киімді дұрыс таңдамапты. Негізі бұл спортта тыйым салынған препарат қолданып, допингке іліксе немесе спорттық жүру ережесін бұзып, жүгіріп кетсе, дисквалификация беріледі. О баста осыдан қорыққанмын. Жоқ. Мұнда басқа сыймайтын олқылық. Кішкентай баланың қателігі», — деп жазды Аслан Қаженов.

Бұдан кейін ол Жеңіл атлетика федерациясының жауапты мамандары тарапынан неліктен тиісті деңгейде бақылау болмағанын және спортшының құқығын қорғауға неге ешкім араласпағанын айтып, дабыл қақты.

«Халықаралық қатынастар қайда? Қолдау қайда? Қорғау қайда? Негізі қазақ қызы таза жүгіріп өтті. Айқын басымдықпен жеңді. Бірақ қолда бар алтыннан айырылып отыр. Қысқасы, жауап беріңдер! Осындайда қырылмасаң, осындайда қоштамасаңдар, осындайда бірікпесең, мың қырық бір болып жүргеніңнен не қайыр?!» — деді сарапшы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар