Шымкентте TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде Аза тұту күніне қатысты орынсыз сөздер айтқан 21 жастағы Нұрахмет Бердібай 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Alash.kz.
Шымкент қалалық полициясы тікелей эфир барысында көрерменнің сұрағына жауап бере отырып, қоғамға анық құрметсіздік білдірген және қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтың әрекетін тіркеді. Атап айтқанда, ол желіде «Біз үшін өлді ме?» деген пікір білдірген. Сол сәтте тікелей трансляцияда онымен бірге 22 жастағы Абзал Мұсұрманқұл мен Бақдәулет Мұстафа да болған. Сот шешіміне сәйкес, Нұрахмет Бердібайға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасы кесілді. Сонымен бірге, оқиғаға қатысқан үшеуіне де қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту жасалып, ішкі істер органдары тарапынан бір ай мерзімге профилактикалық есепке қойылды.