Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Хиджабқа тыйым: Енді мектептерді ескертусіз барып тексереміз - МИНИСТР

16:36, 21 мамыр 2024 396

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде хиджабқа тыйым салу мәселесі жайлы сұраққа тағы жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz.  сайтына сілтеме жасап.

Ғани Бейсембаев дін білім беру саласынан бөлек тұруы керектігін тағы да атап өтті.

– Білім беру ұйымдарында арнайы ережелер, заң бар. Біз осы ережелерді ұстанып, оларды орындауымыз керек. Барлық білім беру ұйымдары осы талаптарды орындайды, олар мектеп ережелеріне, жарғыға да енгізілген. Жеке білім беру ұйымдарына келетін болсақ, мысалы, [оқушылардың хиджаб киюі бойынша] нақты шағым келіп түскен кезде біз Атырау облысындағы осындай мектепті жаптық. Сондықтан бұл жұмыс жалғасады, - деді ол.

Министр мектеп білім мен тәрбие беретін орын болуы керек екенін атап өтті.

– Біз өскелең ұрпақтан ертең табысты тұлғаны қалыптастыруға көбірек бағыттауымыз керек. Сондықтан біз бұл саясатты әрі қарай жалғастырамыз. Кәсіпкерлік кодексі бойынша бізде сигналсыз жеке мектептерді тексеретін құзірет болған жоқ,  тіпті болған кезде де прокуратураның рұқсатымен тексерілетін. Қазір бұл бағытта үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Енді біз барлық білім беру ұйымдарының заңдылықтың орындалуын тексерумен сәйкестендіру үшін кез келген білім беру ұйымдарына ескертусіз кіруге мүмкіндік аламыз, – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар