Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Халықаралық ұйым Қазақстан үкіметіне үндеу тастап, "ЛГБТ насихатына қарсы" петицияны қабылдамауды ұсынды

16:31, 10 шілде 2024 621

Human Rights Watch халықаралық ұйымы Қазақстан Үкіметіне "ЛГБТ насихатына қарсы" петицияны қабылдамауды ұсынды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Олар петицияның мазмұны ЛГБТ қауымдастығын ашық түрде кемсітетінін және "балаларға қатысты риториканың негізгі бостандықтарды шектейтінін" айтып отыр.

"Қудалау, кемсітушілік және зорлық-зомбылық қаупі Қазақстандағы ЛГБТ қоғамдастығы өкілдерінің күнделікті өміріне тән. Егер билік бұл петицияны қолдауға шешім қабылдаса, олар жыныстық бағдар мен гендерлік сәйкестікке негізделген кемсітушілікті қолдап, ауыр шындықты одан әрі күшейтеді", — делінген хабарламада.

Ұйым өтінішті мойындаған жағдайда халықаралық қауымдастық гомофобия әрекетін көпшілік алдында айыптауы керек деді.

Қазақстандағы "ЛГБТ насихатына қарсы" петициясы 10 күнде тура 50 мың қол жинады. Оны талқылау жөніндегі жұмыс тобына мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді.

ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу енгізіле ме, жоқ па, ол шамамен 5 тамызға дейін белгілі болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар