Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үйі өртеніп, әйелі жанып кеткен: Әкім берген арақтың азабы

20:08, 04 маусым 2024 638

Павлодар облысында әкімнен сыйлыққа бір бөтелке арақ алған тұрғын әйелінен айырылып қалды деп хабарлайды Alash.kz.

Павлодар облысындағы ауылдық округтің әкімі тұрғынға бір бөтелке арақ сыйлағаны үшін жауапқа тартылды. Ер адам ішімдік ішкен соң масайып, үйін өртеп жіберген. Өрттің салдарынан әлгі ер адамның әйелі көз жұмған. 

Павлодар облысының прокуратурасы ауылдық округ әкімі Жеңіс күні тұрғынға азық-түлік пакетін бергенін, соның ішінде жарты литрлік арақ болғанын айтты. Ер адам күшті алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін өрт шығарған. Оның әйелі өрттен қайтыс болды.

"Әкімнің жасаған әрекеттері жалпы қабылданған моральдық нормаларға қайшы келіп, қатаң сөгіс алды", – деді stan.kz телеграм арнасы қадағалау органының жазбасын.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар