Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үкімет Ұлттық қорға қол салды

09:40, 03 шілде 2024 555

Ел үкіметі алдағы 3 жылда Ұлттық қордан 6 трлн теңге алуға ниеттенуде деп хабарлайды Alash.kz.

Ашық талқылауға шыққан заң жобасында 2025, 2026, 2027 жылдары қордан жыл сайын 2 трлн теңгеден алып отыру жоспары жазылған.

Болжам бойынша, аталған кезеңде Ұлттық қорға мұнайдан жылына 2,27 трлн теңге шамасында табыс түседі. Дегенмен алынатын сомма мен болжамды түсімнің арасында айтарлықтай айырма жоқ.

Оның үстіне, ел тарихында мұнай түсімінен шашау шығармай, Ұлттық қорға артығымен қол салмаған премьер-министрлер санаулы ғана болды. Бұл жолғы үкімет бастамасы нені аңғартады?

Қазір еліміздің Ұлттық қорында 60 млрд долларға жетпейтін мөлшерде қаржы бар деп жазды inbusiness.kz. Бұл Қазақстанның Ұлттық қоры аса мол емес, сондықтан оған көп қол сала беруге болмайтынын аңғартады. Экономист Абзал Нарымбетов те үкіметтің көп нәрсеге бейжай қарайтынын алға тартып отыр.

– 2014 жылы Ұлттық қордағы қаржы 70-75 млрд доллар шамасында болып, ең бір шегіне жетті. Бірақ одан бері қарай Ұлттық қорға түсімнен қарағанда, ақшаның алынуы көп. Соның кесірінен ақыры қазіргі деңгей 55 млрд доллар жобасында тұр. Неге екені түсінікті, өйткені табысымыздан қарағанда жаратуымыз көп. Қорды тепе-теңдікті ұстап тұрушы механизм ретінде ғана қарап келеміз. Үкімет "мемлекеттік бюджетте дефицит болып жатса қордан ала саламыз, не болмаса Зейнетақы жинағы бар" деген көзқарасқа үйренген. Бұның бәрі әрекетсіздікке алып келеді, яғни, экономика тұтас дамымайды. Альтернатив көп, ол жолдарды жауып тастасақ қол қусырып қалар еді. Жаратуымыз жыл сайын көбейіп жатқаны айдан анық. Жеке адамның жаратуы көп, табысы аз болғандығы секілді мемлекеттік масштабта да осындай жағдай бар. Оның ақыры ұлттық қорға қол сұға беруге алып барады, – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар