Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұят видео көрсетіп дайындаған: Бір топ ер адамға зорланған ару туралы сұмдық ақпарат шықты

13:54, 21 қаңтар 2025 2424

Маңғыстау облыстық соты ақтаулық тренер Алинаға қатысты іс бойынша апелляцияны кейінге қалдырды, деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұмның інісінің айтуынша, апелляциялық сот отырысы 21 қаңтарда сағат 09:30-да басталуы керек еді. Алайда кейінірек апелляциялық шағымды қарау 27 қаңтарға ауыстырылғаны белгілі болды.

Былтыр мамырда қыз өзіне-өзі қол жұмсаған. Қайғылы жағдайға дейін бірнеше күн бұрын ол ауыр қылмыстың құрбаны болған. Мефедрон қолданған бейтаныс ер адамдар оған шабуыл жасап, ұрлап әкетіп, соққыға жыққан, кейін зорлап, екі миллион теңге көлемінде несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.

Марқұмның туыстары не дейді?

Алина спортшы болған, фитнес жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Ол өз жұмысын жақсы көріп, спорттық шаралар мен марафондарға жиі қатысқан.

"14 мамырда ол жұмыстан кейін үйге жалғыз қайтып келе жатқан. Сол уақытта бейтаныс бес ер адам оны байқап, шабуыл жасап, күшпен көлікке отырғызған. Тергеу кезінде қылмыскерлер оның қыз екенін білмегенін, жігіт деп ойлағанын айтып ақталды", - деді марқұмның әпкесі.

Олар қызды түні бойы азаптап, қорқытқан, зорлық-зомбылық көрсеткен, жанармай бекетінде күшпен ұстап отырған. Қылмыскерлердің барлығы мефедрон қолданған. Кейін олар Алинаны да есірткі қабылдауға мәжбүрлеп, зорлаған.

Күдіктілер кімдер?

Күдіктілердің бірі - 1991 жылы туған ер адам, үйленген, бала тәрбиелеп отыр. Тергеу кезінде ол алғаш рет мефедрон қолданып көргенін айтып, ештеңе есінде жоқ екенін алға тартқан. Ол кінәсін мойындамаған. Қалған төртеуі қылмыстың барлық егжей-тегжейін айтып берген. Таң атқан соң күдіктілер қызды өзінің телефонынан екі миллион теңге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Кейін бұл ақшаны базардағы таныстары арқылы шешіп алған.

Содан соң қызды қалаға әкеліп, біреуге айтса, өлтіретінін айтып қорқытқан.

"Өзіне қол жұмсамастан бұрын Алина бәрін құрбысына айтып берген. Құрбысы інісіне айтуға көндіреді. Алина қылмыскерлерді жазалау үшін соңына дейін баратынын айтқан. Інісі бұл туралы анасына айтуды сұраған, бірақ Алина ұялған", - деді марқұмның әпкесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар