Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тұраровтың “крышасы” ма?": Заңгер Жанқош Тұраровтың ісіне қатысты тың дерек жасады

09:53, 06 қыркүйек 2024 728
Жанқош Тұраровқа қатысты белгілі заңгер Лаззат Ахатова тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.KZ.
"Жанқош Тұраровтың үстінен 2018 жылы бұзақылық бабымен (атысқан) қылмыстық іс қозғалған екен. Алматының Алмалы аудандық полиция бөлімінде. Алайда іс тергеуден қысқартылып кеткен. Әнару Құрманәліқызы да дәл сол жылы арыз берген. Дәл сол Алмалы аудандық полиция бөліміне", деп жазды заңгер.
Заңгер одан ары бүй дейді:
Енді осы жерде назар аударатын жағдай. Сол кездегі Алмалы аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары болған адам қазір Әуезов аудандық полиция бөлімінің (соңғы іс қаралып жатқан) басшысы. Кездейсоқтық па, әлде Тұраровтың “крышасы” ма, уақыт көрсетер. Бұл туралы Бас Прокуратураға жазып жатырмыз" депті Ахатова.
Заңгердің күдіктенгеніндей болса, істің соңы біраз былықтың бетін ашатын сияқты.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар