Теміртауда өкпесі қабынып ауруханаға түскен 2 жасар бала неге шетінеді? (Видео)
14:47, 02 мамыр 2025
сурет: 5.ua
Теміртауда бүтін бір отбасы 2 жасар баладан дәрігерлердің кесірінен айырылдық деп қара жамылып отыр, деп жазады Alash.KZ.
Олардың сөзінше, бала екі өкпесінің қабынуымен балалар ауруханасына түскен. Дәрігерлер нақты ем жүргізбей бірден 5 түрлі антибиотик салды дейді баланың әпкесі.
Оның өзінде дәрігерлер антибиотик, қажеттінің барлығын ата-анасына сырттан әкелуді тапсырыпты. Көп уақыт өтпей баланың хәлі нашарлап жансақтау бөліміне түскен. Одан миында ісік, бауырында, басында бірнеше ауыр дерттер бар деп түсіндірген.
Ақыр соңы бала жансақтау бөлімінде дұрыс ем жүргізілмегендіктен мерт болды дейді 2 жасар Қаһарманның әпкесі.
Соңғы жаңалықтар
"Алда атқаратын жұмыс көп". Ерлан Қошанов болашақ қызметі туралы сұраққа жауап берді
10:37, 13 маусым 2026
"Бейбіт күн бүгінгідей тым жақын болған емес". АҚШ пен Иранға қатысты тың мәлімет тарады
09:57, 13 маусым 2026
"Көп ұсыныс жасады". Әнші Қарақат Әбілдина көпшілікке сыр ақтарып, тәрбие жайлы толғады
09:47, 13 маусым 2026
«Тегім үш рет ауысқан. Әкем қайтқаннан кейін…»: Әли Оқапов отбасы туралы айтты (ВИДЕО)
18:41, 12 маусым 2026