Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таяқ жеп өстік қой: Сәкен Майғазиев желіге адам сүйсінерлік жазба жариялады (ВИДЕО)

14:00, 02 тамыз 2024 900

Танымал әнші Сәкен Майғазиев инстаграм әлеуметтік желісіне адам сүйсінерлік видео жариялады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Видеода немересіне сабақ үйретіп жатқан әженің көрінісін байқауға болады.

“Әжеңнің түйіп қалғаны мен атаңның нұқып қалғаны, анаңның айқайы мен әкеңнің ашулы көзқарасы майдай жағатын кездер-ай! Мына бейнебаяннан махаббатты, шынайылықты, тәрбиені, тазалықты, жанашырлықты көрдім.

"Жасөспірім жарақаты" (Детская травма) дегенді қырық жасыма келгенде психологтан естідім" деген екен бір кісі. Психологиялық жарақат алмай-ақ, мұғалімдерден (апай, ағай), аға, әпкелерімізден таяқ жеп өстік қой. 

Ақсақалдар академиясы, отбасы институты, жазылмаған дала заңы, асыл дінімізбен астасып, сабақтасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйым, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды құндылықтарды қайтару арқылы ұлт болып қаламыз деп ойлаймын.

Мына көріністің соңында бесіктегі балапанның әжесінің қолын сүйгені ерекше әсер етті. Қатты сүйсіндім. Міне нағыз махаббат! Әр әулетте атаның берген бұйрығы, әженің айтқан ақылы шеру құрсын! Жұма мүбәрак, жақсыларым!”, – деп жазды әнші. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар