Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Таңертең жұлдыз болып оянасыз». Ләйлә Сұлтанқызы тез танымал болу жолдарын айтты

09:42, 26 сәуір 2025 276

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы кеңес беріп, "таңертең жұлдыз болып оянудың" жолдарын айтты, деп хабарлайды  Alash.KZ порталы.

«Біздің жастық шағымыз 90 жылдардың соңы 2000 жылдың басына тұспа-тұс келді. Ол кезде әндердің қалай жазылатынын өз көзіммен көрдім. Студияда жазатын еді. Ол кезде бәрі Ринат Гайсинге баратын. Қазір кішкене басқаша. Желі арқылы тез танымал болуға болады», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сұлтанқызы қазіргі заман жастарының мол мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді:

«Телефондағы камераңызды қостыңыз, өзіңізді түсірдіңіз, видеоны жеке аккаунтыңызға жүктедіңіз, бітті. Таңертең жұлдызсыз. Бастысы - талант, шынайылық», - дейді ол.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар