Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тұңғыш рет…”: Сүйінші! Нартай Аралбайұлы бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

17:42, 06 қараша 2025 462

Оңтүстік Кореяда дәстүрлі садақ атудан өткен алғашқы Әлем кубогінде Қазақстанның Ұлттық құрамасы жалпы есепте бірінші орын алды. Қуанышты жаңалықты Мәжіліс депутаты, Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы желідегі парақшасында сүйіншіледі, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Чемпиондарымыз келді!

Кореяның Ульсан қаласында Дәстүрлі Садақ атудан өткен Әлем кубогынде Қазақстанның Ұлттық құрамасы жалпы есепте БІРІНШІ орын алды! 

Бүгін чемпиондарымызды қарсы алдық! Ресми кубокты иемдендік! 

Осылайша тұңғыш рет ұйымдастырылған, әлемнің 32 елі қатысқан Әлем кубогының жеңімпазы ретінде еліміздің атын тарихқа қашан жаздық! 

Барлық садақшыларды құттықтаймын!

Республикалық Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті ретінде садақшыларымызбен бірге Ұлттық спортты ұшпаққа шығару үшін аянбай еңбек ете беремін”,- деп жазды Нартай Аралбайұлы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар