Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Суға батырып, аяғын сүйгізген": Екі әйел 16 жастағы жасөспірімді қорлап, мазақ қылған (ВИДЕО)

16:10, 03 қыркүйек 2025 346

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы облысында екі әйелдің кәмелеттік жасқа толмаған баланы ұрлап әкеткені туралы ақпарат тарады. Жасөспірімді азаптап, жыныстық зорлық-зомбылық көрсетіп, бопсалағаны туралы айтылған, деп Alash.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, екі әйел 16 жасар қызды үйінен алдап шығарып, ұрлап әкеткен. Әйелдердің біреуі ауылдық округтердің бірінің әкімі аппаратының қызметкері екені айтылған.

"Әйелдер қызды ұрып-соғып, денесіне темекі шоғын басып, өзенге батырып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасап, қол-аяғын сүюге мәжбүрлеген және осының барлығын видеоға түсірген. Сондай-ақ олар бұл видеоны таратпау үшін үш миллион теңге талап еткен", – делінген ақпаратта.

Алматы облысының Полиция департаменті бұл деректі растап, күдіктінің ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Полиция кәмелетке толмаған балаға қатысты дене жарақатын келтіру және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті әйел де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ полиция қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысушылардың жеке деректерінің тарап кету ықтималдығына қатысты тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар