Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша соңғы мәліметті жариялады.
Қазірге дейін жеткен мәліметке қарағанда, азаматтық қорғау қызметтері 111 194 адамды, оның ішінде 39 222 баланы құтқарған. 107 613 мал қауіпсіздік жерге айдалды. 11 950 адам үйлеріне оралды.
Эвакуациялау пункттерінде 6 746 адам, оның ішінде 2 967 бала бар.
9,5 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылды. 2,2 млн-нан астам қапшық пен 1,2 млн тонна инертті материал төселді. 3 511 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су бұрылды.
Зардап шеккен өңірлерге 1 400-ден астам тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.