ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова ел алдында жан сырын ақтарды. Бұл туралы Alash.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды.
Өнер иесі концерттердің бірінде сөз сөйлеп, халықтан кешірім сұрады.
"Сіздермен ғана менің мерекем. Сіздер – менің барымсыздар, сіздерге басымды иемін. Аман болыңыздар! Сіздер жоқ болсаңыздар әнді кімге айтамыз?! Анда-санда қуып кетсем, кешіре беріңіздер. Күйеуге шығуға жас емеспіз. 60-тан асып кеттік. Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз. Өздеріңіз еркелетесіздер, у берсеңіздер де, су берсеңіздер де өздеріңіз білесіздер", – деді Мақпал Жүнісова.
Одан кейін Наурыз мерекесінде халықтың арасына барып, тыңдармандарымен жүздесе алмағанын айтты.
“Жолдың бәрін қазып тастағасын, халықтың ішіне кіруге мүмкіндік болмады. Күзетте тұрған жігіттер де бізге көрерменді жолатпады. Түркістан қаласында өткен концерт керемет болды. Халық өте көп жиналды. Тыңдарман қауымнан кешірім сұраймын. Менің менсінбей кеткен ештеңем жоқ”, – деді әнші.