Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сіздерді өте сағындым”. Көптен бері көрінбей кеткен Кәмшат Жолдыбаева желіде әсерлі жазба қалдырды

11:07, 01 маусым 2025 534

Көптен бері көрінбей кеткен әнші Кәмшат Жолдыбаева өзінің Instagram парақшасында жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Қайырлы кеш! Қалайсыздар? Инстаграмдағы көптен бері бір көрінуім әдемі болсын деп, үстіме @auual.official көйлегін киіп жүріп өттім. Негізі инстаграмға аз шығатын немесе тіпті шықпайтындарға қызығамын. Нағыз өмір - экранның бер жағында ғой... Дегенмен арасында өздеріңізбен хәл алысып тұрған да жақсы-ау. Оның үстіне, сіздерге арнап жақында бір өнімді ұсынамын, Алла қаласа. Қандай өнім екеніне варианттар болса, жазып кетіңіздер. Сіздерді өте сағындым”, - деді әнші.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар