Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Түнгі клубта өрт шығып, 51 адам қаза тапты

14:25, 16 наурыз 2025

Солтүстік Македониядағы түнгі клубта болған өрттен 51 адам қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz.

Солтүстік Македонияның Кочани қаласындағы түнгі клубта болған өрт салдарынан кемінде 51 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алды.

Өрт жексенбіге қараған түні Pulse клубында болған. Сол жерде елдегі танымал ADN хип-хоп дуэтінің концерті өтіп жатқан. Шараға шамамен 1500 адам жиналған.

Елдің Ішкі істер министрлігі өрттің себебі анықталып жатқанын, бірнеше адамның ұсталғанын мәлімдеді.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, өрттің шығуына пиротехниканы қолдану себеп болуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар