Алматылықтар Ермесай ықшамауданындағы таудың баурайында тұтанған өртті видеоға түсіріп алды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен, деп хабарлайды Alash.kz.
Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше, таудың етегінде құрғақ шөп жанған.
"Табиғи өртті сөндіруге арналған жедел топ оқиға орнына сағат 18:43-те жіберілді", – деді ведомстводан.
ТЖД түсіндіргендей, өртті сөндіру жұмыстары күрделі таулы жер бедеріне, қараңғы уақытқа және желдің күшеюіне байланысты қиындап отыр. Желдің әсерінен тілсіз жау жылдам таралуда.
"ТЖД бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.