Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл! Алматыда мұғалімді пышақтап кеткен студент жайлы сұмдық дерек шықты

09:00, 23 желтоқсан 2025

Алматыда оқытушыға пышақ ала жүгірген студентке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, студент емтиханнан сүрініп, жазғы маусымға қалып қойғаны үшін ашуға булығып, осындай қадамға барған көрінеді. Дегенмен ALT University басшылығы мұны жоққа шығарып отыр. Яғни зардап шеккен оқытушы суық қару ұстаған студентке ешқашан дәріс оқымаған дейді.

"Студенттің мұғаліммен еш қарым-қатынасы жоқ. Мұғалім ол студентке сабақ бермейді. Қандай да бір ортада келеңсіз жағдай болмаған. Оқу үлгерімі жақсы, сабақтан қалмаған. Жанындағы достары, студенттердің айтуынша, тұйық мінезді. Сабаққа келетін, кететін. Ол туралы мінездеме жоқ", - деді ALT University аппарат жетекшісі Жәнібек Смадияров КТК арнасына берген сұхбатында.

Оқиға өткен жұмада университет дәретханасында болған. Студент оқытушының артынан іле-шала кіріп, пышақпен мойнын жаралапты. Абырой болғанда, сондағы күзет пен өзге де студенттер байқап қалып, оларды ажыратып үлгерген. Жарақат алған мұғалімді ауруханада тексеріп, кейін ол үйіне жіберілді. Ал екінші курс студенті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Егер ол кінәлі деп танылса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзірге екеуара кикілжіңге не себеп болғаны белгісіз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар