Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сенің жұмысың маған энергия беру: Айгүл Иманбаева күйеуінің өзіне не айтқанын баяндады

11:06, 03 желтоқсан 2024 1715

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева күйеуінің өзіне не айтқанын баяндап, елді сүйсіндірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

"Осы жасыма келгенде ғана өзімнің затым әйел екенін, нәзік жанды екенімді сезіндім. Күйеуім екеуіміздің бір оқиғамызды айтып берейін. Бірде Лос-Анджелесте үйден шығып, тамақ алайық деп дүкенге бардық. Ол жерден көп азық-түлік алып, көліктің артына тиеп үйге келеміз. Сосын артындағы барлық затты қолыма алып, үйге кірейін деп жатсам, күйеуім "Неге мына ауыр заттың барлығын көтеріп жүрсің? Бұл сенің жұмысың ба? Бұл менің жұмысым. Сенің жұмысың – маған энергия беру, маған еркелеу, күн сияқты жарқырап, жайнап, қасымда нәзік күйіңде жүру" деп айтқаны бар. Сол кезде бірінші рет өзім де ойланып қалдым. Нәзік жанды әйел екенімді ұқтым. Өмірімде бірінші рет күйеуімнің иығына басымды қойып, еркелей алдым. Қыздар, күйеуіңізге еркелей беріңіздер. Еркелесе ғана Есілдің мұзын ерітуге болады", – деді Иманбаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар