Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сатира қылмыс емес". Үш минуттық пикеттің мақсаты қандай? (Видео)

12:15, 20 қаңтар 2025 96

Белсенді Әсем Жәпішеваның пикеті үш минутқа созылды. Алдымен оған әкімдік қызметкері келді, бірақ ол жалғыз адамдық пикетін жалғастыра берді. Кейін полиция келді. Пикет үш минутқа ғана созылды, – деп хабарлады Alash.KZ.

Ulysmedia жазуынша, бұған дейін Әсем Жәпішева Темірлан Енсебекті қолдау мақсатында пикет өткізетінін жариялаған болатын.

Екі күн бұрын Алматыда сатиралық жаңалықтар жариялайтын Instagram әлеуметтік желісіндегі танымал парақшаның әкімшісі Темірлан Еңсебек ұсталған болатын.

Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар