Әскерде жүріп ми жарақатын алып, комаға түскен сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы жақсарды. Бұл туралы адвокаты Инга Иманбай хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Достар, тілектестер, соңғы уақытта “Ербаянның жағдайы қалай? Емі қалай өтіп жатыр?” деген сұрақтар көптеп түсіп жатыр. Осыған орай сіздер үшін шағын мәлімет дайындадық.Құдайға шүкір, Ербаянның өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ. Ұзақ әрі нәтижелі емнің арқасында айтарлықтай оң өзгерістер бар. Басына сәтті ота жасалды. Инфекциядан толық арылды. Катетеры мен мұрнындағы зонты алынды. Салмақ қосып, робот арқылы қимылдай бастады. Өзі аздап тамақ іше бастады. Дәрігерлердің болжамы жақсы, бірақ толық оңалуға әлі уақыт керек. Емі Стамбұлда жалғасып жатыр. Ербаянға жігер, ата-анасы мен жақындарына сабыр тілейміз! Қолдау көрсеткен баршаңызға алғысымыз шексіз. Жақсылықтан үміт үзбейміз! Қазіргі мәлімет осы. Алдағы жаңалықтармен бөлісіп отырамыз”,- деп жазды Инга Иманбай.