Әйел 2024 жылдың тамыз айында облыстық перинаталдық орталықта босанған. Босанғаннан кейін анасы баланы басқа адамдарға сатып жіберген, деп жазады Alash.KZ.
Тергеу дәрігерлердің бұл іске тікелей қатысы бар деген нұсқаны тексереді.
Осы факті бойынша Ақтөбе облысының полициясы тергеуді бастады.
"Ақтөбе облысының полициясы перзентханада жаңа туған нәрестені сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән – жайларды анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - делінген хабарламада.