Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Салтанаттың ісімен еш айырмашылығы жоқ": Айгүл Орынбек неке түнінде қайтыс болған келіншектің ісіндегі заңсыздықтар туралы айтты

12:32, 14 қараша 2024 489
"Қазақстанда жалғыз Бишімбаев қана қатынын өлтіріп пе? Жазасын алды, енді неге жайына қалдырмасқа? Жалған ақпарат таратып, елді дүрліктірудің не қажеті бар?", дейді заңгер Айгүл Орынбек. 
 
Оның айтуынша, тақырып керек болса, Шымкентте неке түні қайтыс болған қыздың ісіне әділдік керек көрінеді. Заңгердің айтуынша, марқұм ісінің жүрмей жатуының себебі, әкесі мен ағасының жоқтығынан ба? 
 
"Неке түні қайтыс болған қыздың ісіне құрбысы - куәгер. Басында құрбысы “күйеу жігіт зорлаған” деп куәлік берген, кейін екі ай өткен соң, куәгер қыздың әңгімесі өзгеріп шыға келді. Шымкент полициясы сол кезде екі ай бойы жігітті таппай іздеп жүрді. Анасы әлеуметтік желіге шығып, Президенттен көмек сұраған еді, полиция жігітті бірден таба салды" дейді.
 
Айгүл Орынбек БАҚ өкілдерінен көмек сұраған, көбі бұл тақырып бойынша жазғысы келмеген.
 
"Әлеуметтік желіге қайта-қайта шығып жүріп қылмыстық істі әрең дегенде сотқа өткіздік. Сот жігітке қанша жыл берді деп ойлайсыңдар? Ол Бишімбаев емес қой, қылмыстық іс ҚР ҚК нің 106 бабымен қозғалып, сот тоғыз жыл ғана үкім етті. Бұл істің Салтанаттың ісімен еш айырмашылығы жоқ. Себебі ол түні неке қидырған соң, жігіт кафеде отырып ішімдік ішкен. Содан құрбысы бәрі үйіне барған, ал таңда қыздың анасына қызыңыз қайтыс болды, моргтен алып кетіңіздер деген хабар келген.
Бұл іс дұрыс тергелмеген, жігітке жеңіл жаза беру үшін біржақты тергелген деп баға беремін. Себебі куәгер қыздың статусы дұрыс сараланбаған. Қылмысты жасырудың өзі қылмыс!" деп жазды Айгүл Орынбек.
Төмендегі видео марқұмның анасының жанайқайы:
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар