Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Рейтинг жария болды”: Қазақстанның мұнай қоры қанша?

15:04, 02 қаңтар 2026

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) 2025 жылғы статистикалық бюллетеніне сәйкес, әлемдегі дәлелденген мұнай қорлары бойынша елдер рейтингі шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

АҚШ энергетикалық ақпарат басқармасының Каспий аймағына жасаған талдау есебіне сәйкес, 2025 жылы Қазақстанның мұнай қоры 30 миллиард баррель деңгейінде бағаланды. Бұл көрсеткіш еліміздің жаһандық энергия ресурстары нарығындағы маңызды орнын айқындай түседі.

Әлемдік рейтингте 303 миллиард баррель қорымен Венесуэла көш бастап тұр. Дегенмен, АҚШ-тың экономикалық санкциялары мен Трамп әкімшілігі тұсындағы мұнай активтерін тәркілеу саясаты Николас Мадуро үкіметінің мұнайды экспорттау және оны толықтай монетизациялау мүмкіндігін шектеп отыр. Тізімнің екінші сатысына 267 миллиард баррельмен Сауд Арабиясы жайғасса, алғашқы бестікті Иран, Канада және Ирак түйіндейді.

Жаһандық деңгейдегі ең ірі мұнай қорларының басым бөлігі ОПЕК мүшелеріне, негізінен Таяу Шығыс аймағына тиесілі. Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері өндіріс шығындарының төмендігі мен қолжетімді ірі кен орындарының арқасында нарықтағы басымдығын сақтап отыр. Мамандардың болжамы бойынша, әлемдік сұраныс баяулаған жағдайда да, Таяу Шығыс өндірушілері негізгі жеткізушілер рөлінде қала береді.

ОПЕК құрамына кірмейтін елдер арасында Канада 163 миллиард баррель қорымен төртінші орынды иеленді. Канадалық мұнайдың негізгі көзі мұнай құмдары болғандықтан, оны өндіру процесі қымбатырақ және экологиялық тұрғыдан көміртегі ізі жоғары деп саналады. Сонымен қатар, Ресей мен Америка Құрама Штаттары да әлемдік ең ірі ондық қатарынан табылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар