Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қырғыз бен қазақ бір туған. Бір-бірімізді сыйлап, арандатушы әрекеттерден аулақ болайық - МЕЦЕНАТ

09:23, 19 қыркүйек 2024 423

Атыраулық белгілі меценат Арман Тоғаев қазақ пен қырғыз арасындағы қарым-қатынасқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы 1bol.kz спорт сайтына сілтеме жасап. 

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасында жүлде алған қос елдің балуандарын Атырауға шақырған Арман Тоғаев қазіргі уақытта қазақ пен қырғыз көкпаршылары арасында туындаған даудың басқаша сипатта белең алуына жол бермеу керектігін жеткізді.

"Қырғыз бен қазақ бір туған. Арамызда тек татулық болуы керек. Арандатушы әрекеттерден аулақ болайық. Біз біріксек бәрі жақсы болады. Қазір бізді өзара қырқыстыру біреулерге тиімді шығар. Бірақ біздер соған жол бермей, бір-бірімізді сыйлайық. Ақжол бауырым шақыруымызды қабыл алып, Германиядан ұшып келді. Демеу де бірден келісіп, Атырауға табан тіреді", - деді Арман Тоғаев.

Аталған сапар аясында Демеу Жадыраевқа атыраулықтар қасқыр ішік кигізді. Сондай-ақ, Германия лигасында күресіп жүрген Ақжол Атырауға аз уақытқа келіп, сый-құрметке бөленді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар