Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қыз зорлаған полиция басқармасының басшысы 11 жылға сотталды

18:46, 30 сәуір 2024 607

Қыз зорлаған Талдықорған қаласы полиция басқармасының басшысы Марат Күштібаев 11 жылға сотталды.

Жетісу облысының Талдықорған қалалық сотында Марат Күштібаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі 5-тармағы (қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлық) бойынша қылмыстық іс қаралды.  

Тағылған айыптарға сәйкес 2023 жылғы 12 қарашада К. Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы бола тұра, полиция басқармасының ғимаратында, өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған.

Істің мән-жайлары заңға сәйкес жарияланбайтындықтан, іс жабық сот отырысында қаралды. Осы баптың санкциясы 9 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

“Сот үкімімен Марат Күштібаев Қылмыстық кодекстің  120-бабының 2-бөлігі 5-тармағы (адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды”, – делінген хабарламада.

ҚК-ның 49-бабының 1-бөлігіне (Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградалардан айыру) сәйкес Марат Күштібаев "полиция полковнигі" арнайы атағынан айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар