Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қытай мен Ресей газ бағасына келісе алмай қалды

18:43, 03 маусым 2024 546

Ресейдің Қытаймен "Сібір күші - 2" газ құбырын салу туралы келісімге келу әрекеттері баға саясатындағы келіспеушіліктер мен Бейжің Мәскеуден сатып алғысы келетін газ мөлшеріне байланысты тоқтап қалды. Бұл туралы Financial Times газеті келіссөздердің барысымен таныс үш дереккөзге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Alash.kz сайты Inbusiness.kz сайтына сілтеме бере отырып.

Басылымның дереккөзінің айтуынша, Қытай "Сібір күші - 2" арқылы жеткізілетін газ үшін мемлекеттік субсидиялардың арқасында белгіленген деңгейде сақталып келген Ресейдегі отынның ішкі бағасына жақын бағаны төлегілері келеді. Сонымен қатар, Бейжің газ құбырының қуаты жеткізе алатын отын көлемінің аз ғана бөлігін сатып алуға дайын. 

Бұл мәселедегі келіспеушіліктер "Газпром" ЖАҚ басқарма және директорлар кеңесінің төрағасы Алексей Миллердің 2024 жылдың мамырында Ресей президенті Владимир Путиннің Қытайға сапарына бірге еріп бармауына себеп болған.

Құбыр мәмілесі Путин мен Си Цзиньпиннің кездесу барысында талқылаған үш негізгі тақырыптың бірі болды, деп хабарлайды FT дереккөздері. Қалған мәселелер — Ресей Федерациясындағы Қытай банктерінің белсенділігін арттыру туралы өтініштер мен Бейжіңді маусым айының ортасында Швейцарияда өтетін Украина бойынша бейбіт конференцияға немқұрайлы қарауға шақыру.

Миллердің мұндай маңызды келіссөздерде болмауы "өте символдық" болды, деп атап өтті Колумбия университетінің жаһандық энергетикалық саясат орталығының ғылыми қызметкері Татьяна Митрова.

Сонымен бірге, Бейжіңнің "Сібір күші - 2" туралы қатаң ұстанымы Ресейдің Украинаға толық басып кіруі Путинді экономикалық қолдау тұрғысынан Бейжіңге қалай тәуелді ететінін көрсетеді, деп жазады газет.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар