Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақтың туын таныған бала". Әли Оқаповтың бір жастағы баласы ел ықыласына бөленді

11:41, 01 тамыз 2024 1782

Танымал әнші Әли Оқаповтың кішкентай ұлы Зейін атына заты сай зеректігімен желідегі оқырмандарды таңғалдырды, деп хабарлады Alash.KZ ұлттық порталы порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстанның туын қай жерде де бірінші көріп қояды", - деп жазды олар Зейіннің әлем картасы мен туларының арасынан Қазақстанның байрағын жазбай таныған баласының видеосын жариялап. 

Желідегі оқырмандарды баланың зеректігі таңғалдырған сияқты. "Жарайсың, Зейін!Атына заты сай балапан!", "Вундеркинд бала болайын деп тұр-ау", "Тіл-көзден аман болсын, ақылды ботақан!" деген жылы пікір жазылып жатыр желіде. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?