Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылды

21:09, 21 тамыз 2025 140

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы педофилдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді ұсынып отыр.

Орталықтың ұстанымын Bizdin Orta подкастында психиатр-дәрігер Тамара Насырова жеткізді, деп жазады Alash.KZ.

Орталықтың ұсынысы бойынша, балаларға қарсы қылмыс жасаған адамдарға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы тиіс. Мұндай жағдайда бірден екі мәселе шешіледі. Біріншіден, қылмыскер қоғамнан оқшауланып, балаларға қауіп төндірмейді. Екіншіден, өмір бойы қамауда отырғандықтан химиялық кастрация қажеттілігі туындамайды.

- Мұндай шара экономикалық тұрғыдан да тиімді болуы мүмкін, - деді психикалық денсаулық орталығы жанындағы пациенттерді қолдау қызметінің жетекшісі, психиатр-дәрігер Тамара Насырова.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар