Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері жабылмақ

15:45, 01 мамыр 2024 469

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің жұмысы туралы айтты. Бұл туралы минстрлік Telegram-дағы  арнасында хабарлады, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Министрліктің мәліметінше, Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы келісімге сәйкес 2024 жылғы 1, 7 және 9 мамырда "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы мен теміржол өткізу пункттерін қоспағанда, Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылатын болады.

"Сонымен бірге Қазақстан-Өзбекстан шекарасында жүргізіліп жатқан реконструкцияға байланысты "Қапланбек" өткізу пункті жабылды, "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының қозғалысы шектелді. "Ресей, Қырғыз және түрікмен бағыттарындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. Азаматтарға маршруттарын алдын-ала жоспарлау ұсынылады", - делінген хабарда.  

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар