Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қара көзілдірік, джинс, ақ той көйлегін кигендерге өлім жазасы": Солтүстік Корея президенті өлім жазасын көбейітті

19:28, 30 қыркүйек 2024 1383
 

Солтүстік Кореяда күннен қорғайтын көзілдірік, джинс және ақ той көйлегін кигендер өлім жазасына кесіледі, - деп хабарлайды Alash.KZ Dalanews.kz материалына сілтеме жасап. 

Ел президенті Ким Чен Ын өлім жазасына кесетін "қылмыстардың" санын көбейткен. 

Көзілдірік, джинс, ақ той көйлегінен бөлек, Оңтүстік Кореядан енген сленг сөздерді қолданғандар, антимемлекеттік пропагандамен айналысып, қаруды заңсыз шығарғандар да өлім құшады. Елде Библия да тыйым салынған кітаптардың тізімінде. 

Солтүстік Кореяда екі басты идеология бар, ол: чучхе және кимирсенизм (Ким отбасына табыну). 

Саяси көшбасшыдан да жоғары авторитет бар деп сенетіндер жазаланады. 

Бұған дейін Солтүстік Кореяда Оңтүстік Кореяның телеарналарын көрген жүздеген адам өлім жазасына кесілген болатын. Сонымен қатар,таяуда су тасқынына кінәлі 30-ға жуық шенеунік өлім жазасына кесілді. 

Оңтүстік Кореяның тыңшылық агенттігі Солтүстік Кореяның осы жылдың басында су тасқынынан болған елеулі залалға жауапты бірнеше шенеунікті өлім жазасына кесу белгілерін мұқият қадағалап отырғанын айтты. 

Оңтүстік Кореяның TV Сһоѕun телеарнасының мәліметі бойынша, өткен айда Солтүстік Корея осы жылдың шілде-тамыз айларында елдің солтүстік-батысын шарпыған "су тасқынына жауапты" 20-30 шенеунікті өлім жазасына кесті.

Атап айтқанда, шенеуніктер су тасқынынан зардап шеккен Джаган провинциясындағы Кореяның Еңбек партиясының бұрынғы хатшысы Кан Бон Хунмен байланысты болды. Ол бұған дейін әскери өнеркәсіп министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар