Көкшетауда есірткі тұтынған ер адам мектеп терезесін сындырып, ішке кірмек болған, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Осылайша ол қолын кесіп алған. Мектеп алаңында ары бері жүгіріп, жұртшылықты шошытқан.
Күзетші жедел әрекет ету тобын шақырған. Білім ордасында ешкім зардап шеккен жоқ.
Полиция мәліметінше, ер адам табылып, қамауға алынды.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматтың есірткі тұтынғаны белгілі болды.