Алматылық "Қайрат" клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков Премьер-лиганың 23-тур ойынында жарақат алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында алматылық "Қайрат" пен "Ақтөбе" кездесті. Алайда алаң иелерінің қақпашысы Темірлан Анарбеков матчтың 13-минутында ауыр жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. Оның орнына 18 жастағы Шерхан Қалмұрза алаңға шықты.
Айта кетейік, ойынның 10-минутында Темірлан Анарбеков допты қағып алмақ болған сәтте қарсылас ойыншымен соқтығысып қалған. Қақпашыға дереу медициналық көмек көрсетілді. Оқиғадан кейін шамамен 20 минуттан соң жедел жәрдем келіп, футболшыны алаңнан алып кетті.