Әйгілі әнші Қайрат Нұртас Қазақстанда АЭС салуды қолдайтынын айтты, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Жүктеген видеосында AMANAT партиясымен біріккені анық байқалады.
Бұл оның қолдау ақпаратындағы бірінші видео емес. Әнші АЭС салуды қолдау жөніндегі Шымкент қалалық штабында қонақта болған еді.