Жамбыл облысы, Шу ауданы, Көкқайнар ауылында орын алған оқушы өліміне қатысты мектеп кіші қызметкері өз пікірін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Көкқайнарға арнайы барған журналист Руслан Өтепбай қанды оқиға болған мектепке соға кетті. Аталмыш оқу орнындағы бейберекет қылмыс туралы мектеп вахтері айтып берді.
Біздің бұл мектепте де осындай бұрыннан келе жатқан нәрсе бұл. Система дейді ғой. Бұл жерде пышақ салған да болған, қыздар төбелесі де болған бұл мектепте. Көшедегі төбелес те болған. Ештеңеге мән бермегеннің кесірінен ақыр аяғы адам өлімімен аяқталып отыр. Мен осы жерде вахтер болып істеймін бәрін көріп отырамын. Мына жерде туалеттің ішінде де төбелес бодып жатады. Міне, тұр ғой. Біздің мектепке басшы ретінде ер адам керек. Біздің мектепте ешкімге ешкім бағынбайды.
Директордың қауқарсыздығы мен қол астындағылардың бағынбайтынын уәж еткен кіші қызметкер басшылықтың көзінше осы кемшілікті жайып салды. Мұғалімдердің сағат бөлуінде де бағынбайтынын, оқушылардың бейпіл қимылдарын да атап берді.