Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Арқасынан пышақ сұққан»: Ақтөбе полициясы оқиға туралы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

09:39, 13 қазан 2026

Ақтөбе қаласында адам өліміне әкеп соқтырған ауыр қылмыс тіркеліп, құқық қорғау органдары күдіктіні дереу қолға түсірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары қылмыс жасады деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғынын уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Қайғылы оқиғаның нақты себептері мен қылмыстың түрткісі әзірге анықталып жатыр. Қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері толық көлемде жүргізіліп келеді, ал тергеу барысы тікелей Полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында тұр.

Аталған іске қатысты түсініктеме берген Ақтөбе облыстық полиция департаменті: «Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мен қаза тапқан әйел бұрыннан таныс болған. Туындаған жанжал барысында ол әйелге пышақ жарақаттарын салған, салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған», — деп мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар