Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Олжас пен Дариғаның отбасылық қуанышы мен олардың қайырымдылық саласындағы игі істері туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Тележүргізуші өз жазбасында: «Олжас пен Дариғаның бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды. Кино әлемі бір бөлек, ал өмірде Олжас пен Дариға — біздің @mariyam_fund_kz қорының демеушілері», – деп атап өтті.
Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, бұл жұп бірнеше жыл бойы балалы болуды армандап, талай қиындықты бастан өткерген оралдық отбасыға қолдау көрсеткен. Бірнеше сәтсіз ЭКО әрекетінен кейін қордың көмегімен әлгі отбасы армандарына жетіп, бүгінде ата-ана атанған.
Сондай-ақ тележүргізуші бұл туралы: «Олар қолдау көрсеткен оралдық жұп бірнеше жыл бойы ата-ана болуды армандап, талай қиындықты бастан өткерген. Бірнеше сәтсіз ЭКО әрекетінен кейін, қорымыздың қолдауымен армандарына жетіп, бүгінгіде ата-ана атанып, бақытқа кенеліп отыр», – деп жазды.
Жазба соңында ол біреудің қолдауы бір отбасының өмірін түбегейлі өзгертіп, үлкен арманын ақиқатқа айналдыра алатынын жеткізді.